27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Елордада жаңа мешіттің қазығын қақты

Бас мүфти Елордада жаңа мешіттің қазығын қақты

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты.

Бас қаланың Байқоңыр ауданында бой көтеретін құлшылық ордасының құжаттары түгелдей әзірленіп, мешіт салуға 5,3 гектар жер телімі бөлінген. Сыйымдылығы 2 000 адамдық құлшылық ордасы жоспар бойынша 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрылыс алаңы басында мешіт жобасымен танысты. Жиылған жамағатпен бірге арнайы дұға жасап, құрбандық шалғаннан кейін Бас мүфти мешіттің қазығын қағып, бұл жерде бой көтеретін Алла үйінің ел игілігі жолында жемісті қызмет етуін тіледі.

1cf8b9f8ac4259934ea055956b1b036c.3.jpg

1c7ec90ca387db303e1535ef479dbddc.5.jpg

8ea5e15318ffa8bb86db34d796f94f3f.jpg

bfbcb679e92b0c4e6eac29c41118a9c4.11.jpg

Бөлісу: