26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қостанай: Діни сауат ашу лагері балаларды қуантты

Қостанай: Діни сауат ашу лагері балаларды қуантты

Жаңалықтар
Жарнама

Қостанай облысы Рудный қалалық «Нұр» мешітінде осы айда мектеп жасындағы оқушыларға арналған екі апталық жазғы діни сауат ашу лагері жұмысын бастап, оған екі топтан тұратын 40 ер бала мен 20 қыз бала қатысты.

Шәкірттер білім деңгейіне және жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп оқыды. Балаларға имандылық, әдептілік дәрістері, құран оқып үйрену, қысқаша сұрақ-жауаптар, дастарханда қазақша бата беру үйретілді.

Дәріс барысында шәкірттерді жалықтырып алмас үшін бой сергітер спорттық ойындары (футбол, теннис) мен көңілдерін шаттандыратын кинотеатрдағы қызықты қойылымдар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әр күні дәріс кезінде балмұздақ, тәтті шырындар ұсынылды.

Осылайша мешіт ұстаздары оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы өткізулеріне барлық жағдайды жасады.

Сауат ашу мерзімі аяқталған кезде шәкірттердің білімдерін тиянақтап сынақ тапсырғандарына арнайы сертифакаттар беріліп, дастархан жайылды. Ал ата-аналар қауымы мешіт ұжымының мұндай игілікті істері мен дәріс берген ұстаздарына шынайы алғыстарын білдірді.

4f6fae60-b319-4cf9-b4e8-67f620324505.jpg

b2db3094-dcbe-407f-95c9-63fc9b9cb144.jpg

1772b229-5e7a-4a1a-ab61-1855a9c2a2e4.jpg

96cf146e-93a5-40f2-8385-eaf6ed4dc273.jpg

ee52520d-363a-46af-8749-e25b80fa4318.jpg

Бөлісу: