29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Ел үлесі – пәтерге»: 429-баспана берілді

«Ел үлесі – пәтерге»: 429-баспана берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 429-баспана Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде берілді.

«ҚМДБ-ның бастамасымен республика аумағында іске асып жатқан «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасын мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа насихаты арқасында нәтижелі жүзеге асуда. Бұл сауапты іс-шараға Майқайың мешітінің имамы Бодаубек Солдатұлы бауырымыздың ұйымдастыра білуі және аталмыш мешіт жамағатының белсенді атсалысуы себепкер болды. Осы жолы көпбалалы, мүгедек отбасы мүшелеріне Майқайың кенті орталығынан 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстап отырмыз. Облыс бойынша атамыш жоба арқылы осымен 9-шы пәтер берілді» деді орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев.

Сондай-ақ, қоныс иелеріне «Мәшһүр Жүсіп» мешіті атынан игі тілегін айтып, жаңа электр пешін тарту етті. Айта кетейік, баспана құжаттары толық рәсімделген.

883e4c63-c8f5-439b-8199-a2f375fd834f.jpg

Бөлісу: