26
Жұма,
Сәуір

һижри

Тараз: Біліктілік арттыруға арналған курс өтті

Тараз: Біліктілік арттыруға арналған курс өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде «Зияткер имамның тұлғалық келбеті» атты мешіт қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған курс өтті.

Курс 7-19 маусым аралығында жүргізіліп, оған шалғай ауылдардан 20 маман қатысты. Имамдар фиқһ, Құран Кәрім, Ислам тарихы, ақида, уағыз әдістемесі, ҚМДБ құжаттары бойынша дәріс алды.

Алты модуль бойынша білім алып, сынақтан сүрінбей өткен дін мамандарын Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев марапаттап, сертификат табыстады. Облыс имамы біліктілікті арттыру курсына қатысушыларға игі лебізін білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.

15b699b1-b1b5-44db-9770-4afcae9e1a82.jpg

mini_1_uF9zxLG.jpg

b9de2775-70c1-4deb-be3a-0cc14fdd2fde.jpg

74893380-be06-4852-acf9-97fe47eafd15.jpg

Бөлісу: