27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады

Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында басталған Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлдарының рухына арналған «Дін руханиятының ұлағатты ұстаздары» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, дін ғұламаларының мағыналы ғұмырына тоқталды.

«Дәстүрімізбен біте қайнасатын мұсылмандық сипат сөз болғанда оңтүстік өлке назардан тыс қалмайды. Қазақтың байтақ даласы, оның ішінде Сарыағаш жұртына аты мәшһүр қос бірдей дін жанашыры Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлдары туралы көп айтуға болады. Еліміздегі діни білім беретін медреселер туралы айтылғанда алғаш «Сарыағаш медресесі» еске түседі. Ал «Сарыағаш медресесі» туралы айтылғанда Смановтар әулеті алда тұрады. Осы медресеге Әбдісаттар ағамыз өзі басшылық етіп, келген жастардың діни сауатын ашып қана қоймай, оларды маман етіп дайындауға күш салды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетіне амал етті. Сонымен қатар Әбдісаттар Сманов қасиетті Құран Кәрімнің қазақ тіліндегі аудармасын жасап, бірқатар ғылыми еңбектердің авторы атанды. Қазіргі таңда үлкен бір пәрменді институтқа айналған Ғұламалар кеңесінің құрылған жылдарында мүше боп, алғашқы пәтуаларды қабылдауда ғалым ретінде үлесін қосты. Жылдар бойы медресе қабырғасында көптеген шәкірт тәрбиеледі» дей келе Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алқалы жиынға арқау болған ұлағатты ұстаздардың дін мен руханият жолында атқарған еңбегіне ерекше тоқталды.  

Сондай-ақ 90-жылдардың басынан «Таяқты Ишан» мешітінде бас имам болып қызметін бастаған Әбдіғаппар Шәкірұлының шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздық қызметі жайында айтып өтіп. «Сарыағаш» медресесін дамыту, басшылық жұмыстары мен мағыналы насихаты көптің көкейінде, халықтың жадында қалатыны анық деді Бас мүфти.

Айта кетейік, бүгінгі алқалы жиынға Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан Алимов, Қырғызстан мүфтиінің міндетін атқарушы Жоробой қажы Шерғазыев, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздары, облыс бас имамдары мен медресе директорлары қатысуда.

f80b596b-d5c4-481c-8581-8afea5cc01f2.jpg

b61fefce-0f97-4fb4-a67c-47bb5038ce2f.jpg

b2a170d5-5648-41ef-990c-0de648949ccc.jpg

ad35493d-2eac-4367-8f8e-92cbefaaa7dd.jpg

7bdf5549-1ef0-4591-ae32-591a8d5ccb71.jpg

Бөлісу: