26
Жұма,
Сәуір

һижри

Усманхан Алимов: Қос ұстаз да мағыналы ғұмыр кешті

Усманхан Алимов: Қос ұстаз да мағыналы ғұмыр кешті

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында басталған Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлдарының рухына арналған «Дін руханиятының ұлағатты ұстаздары» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына арнайы келген Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан Алимов құттықтау сөзін жеткізіп, баяндама жасады.

«Коронавирус пандемиясы дін әлеміне де өзінің үлкен сынағын әкелді. Халқымыздың басына түскен сындарлы күндер көрші елдерге де ортақ. Осы ретте былтыр аталған індеттен көз жұмған Әбдіғаппар Шәкірұлының қазасына көңіл айтамын.

Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлдары берекелі, мазмұнды ғұмыр кешті. Олар Қазақстандағы Ислам дінінің кең қанат жаюына, бүгінгі мұсылман үмбетінің түсіністігін, жауапкершілігін сезінуді қалыптастыруда үлкен еңбек атқарды. Осы екі дін ғалымы оңтүстік өлкеде ұлтаралық татулықты сақтауда, жамағатты ұйыстырып, мешіт салу ісінде жұмыла жұмыс істеудің озық үлгісін көрсетті. Алла Тағала осындай сауапты істеріне өз сыйын берсін» деді Усманхан Алимов.

b2a170d5-5648-41ef-990c-0de648949ccc.jpg

1aa13e2e-4189-488f-b087-f896fcea3288.jpg

661c8917-5320-4c2e-8d7b-627082c353ec.jpg

mini_01_ATdDPve.jpg

Бөлісу: