01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Теологтар айлық курсты тәмамдады

Теологтар айлық курсты тәмамдады

Жаңалықтар
Жарнама

Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курсы мәресіне жетті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Нұр-Мүбарак университетімен бірлесіп өткізген курсқа еліміздің әр аймағынан имамдар, теологтар және басқа да діни салаға тікелей қатысы бар жалпы 64 маман қатысты.

15 маусымда басталған курс қазіргі таңда теологтар үшін өзекті мәселелерді қамтыған 15 пән 140 академиялық сағатқа есептелді. Курсты Нұр-Мүбарак университетінің білікті оқытушылары, сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы мен республиканың жетекші оқу орындарының осы саладағы білікті мамандары жүргізді.

Сертификат тапсыру салтанатында проректор, доцент Қайрат Құрманбаев: «Барлық сала әрдайым, жетілдіріліп, дамып отыру керек. Өйткені уақыт өте  әртүлді сын-қатерлер туындайды. Осындай курстарға мүмкіндігінше қатысып, біліктілігімізді арттырып отыру қажет. Сондықтан осы ізденумен тоқтап қалмаңыздар» деген пікір білдірді.

Сертификат табыстау рәсімінде тыңдаушы теологтар жүрекжарды лебізін айтып, естелік суретке түсті. Жалпы алғанда бұл курс дін саласындағы мамандар үшін кәсіби біліктілігін арттырған оң тәжірибе болды.

c37264c3-e2e1-45bf-b179-0d52800cb471.jpg

872f8491-39e2-4bd0-b778-3eede2a81cc7.jpg

adf8f8cf-ef79-4595-83f3-f3bbb80ad0a5.jpg

1b154d21-5b98-4f92-ba7a-2a2634200cad.jpg

Бөлісу: