05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Семей: Хәкім Абай іліміндегі Ихсан ұғымы

Семей: Хәкім Абай іліміндегі Ихсан ұғымы

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында қолға алынған рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытын кең көлемде түсіндіру үшін Семей қалалық «Хәкім хазірет» мешітінде имамдарға арналған «Хәкім Абай іліміндегі Ихсан ұғымы» атты 7 күндік семинар өтті.

Семинарды Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы ашып, рухани тәрбие бағытындағы жұмыстарға айрықша тоқталды. Сондай-ақ семинарға Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, әл-Азхар университетінің түлегі Асқарбек Бегәділұлы шақырылып, мешіт имамдарына Ихсан ілімі жөнінде дәріс оқыды.

Қазақстан тарихы, абайтану, шәкәрімтануға қатысты мұраларды тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры Амантай Исин және абайтанушы-ғалым Асан Омаров баяндады. Өте әсерлі өткен рухани семинар барысында сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.

Айта кетсек, семинарға Семей аймағына қарасты мешіт имамдары қатысты. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

8c8b60fc-9faf-4235-a1d1-031da223310d.jpg

39cb3427-64b0-437b-8849-f79a9915b2af.jpg

6fba80a2-b3c5-4edd-8dcc-d8acf959efc3.jpg334e1431-9708-419e-8b00-14cdacb1a744.jpg

Бөлісу: