25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Елордадағы құрбан шалу рәсіміне қатысты

Бас мүфти Елордадағы құрбан шалу рәсіміне қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін, қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы құрбан шалу рәсіміне қатысты.

Қала сыртындағы «Алтай» шаруашылық қожалығына арнайы ат басын тіреген Бас мүфти сол жердегі жұмыс тобының қызметкерлерімен жүздесіп, құрбан шалу рәсімінің жай-күйімен жете танысып шықты.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен биылғы жылы да онлайн құрбан шалуға және өтініш беруге арналған Qurban2021.kz сайты іске қосылған болатын. Аталмыш жоба аясында ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қала бойынша құрбан шалуға арналған төрт нысан бекітілген еді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тілшілер қауымына берген сұхбатында осы жоба бойынша толыққанды ақпарат беріп, Qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс бергендердің құрбандықтары қалай сойылғандығы жөнінде видео есеп беріліп отыратын жеткізді. Сондай-ақ, жергілікті еріктіліердің көмегімен құрбандық еттері бірден мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілетінін атап өтті.

51190692f81020b546fd4ad79335f3f3.jpg

9a32cc24-edd0-404f-954e-0d3e42e4866f.jpg

0f3b129cef8e24bea4eef83686cffe3c.jpg

bf9458ca5bf70893ed18b8e938f68cb4.jpg

c6628b2b0d7f872aa80cbfb13aff1e15.jpg

Бөлісу: