29
Жұма,
Наурыз

һижри

Атырауда Айт намазы оқылып, құрбан шалынды

Атырауда Айт намазы оқылып, құрбан шалынды

Жаңалықтар
Жарнама

Пандемия жағдайына байланысты екінші жыл қатарынан карантин жағдайында өтіп жатқан Құрбан айт мерекесі Атырау өңірінде таңғы сағат 7.00-де Айт намазын оқудан басталды.

Облыстық «Иманғали» мешітінде, қала, аудан, ауылдарда бір мезгілде санитарлық талаптарды сақтай отырып оқылған айт намазы 10 минутқа созылды.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аймақ жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтап, ел амандығы үшін дұға жасады.

«Құрбандық шалудағы негізгі ниет – Алланың разылығы. Бұндай ниеттің болуы құрбандық шалуда өте маңызды. Алла разылығы деген түсінікке негізі тақуа кісілер көңіл бөледі, Алла да тек тақуа құлдарының құрбанын қабыл алады.

Қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінде «Тек Раббыңның разылығы үшін намаз оқып, құрбан шал» делінген. Бұл оның Алланың бұйрығы ретінде (жағдайы барларға) уәжіп екенін білдіреді» деді бас имам.

Айт намазынан соң, Атырауда құрбан шалу рәсімі басталды.

Пандемияға байланысты, елімізде биыл да құрбандық шалу рәсімі қашықтықтан ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Qurban2021.kz сайты арқылы қазақстандықтар құрбан малына тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ Атырау облысында құрылған арнайы штаб мүшелері Атырау қаласындағы «Тума», «Асыл агро» мал базарларындағы мал сою пункттеріне барып, бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Алла разылығы үшін құрбан шалу рәсіміне қатысып, ел амандығын тілеп дұға жасады.

Еске сала кетелік, бүгін, яғни, 20 шілдеде басталған Құрбан айт 22 шілдеге дейін жалғасады. Құрбан малының етін мұқтаж отбасыларға еріктілер жеткізіп береді.

img_1686-1024x683.jpg

img_1694-1024x683.jpg

snimok-1-1024x668.jpg

img-20210720-wa0090-1024x683.jpg

Бөлісу: