20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мешіті және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлесіп ұйымдастыруымен өңірдегі мешіт шәкірттері арасында республикалық Құран жарысына іріктеу өтті.

Аталмыш жарысқа қала, аудан мешіттерінің 30 жасқа дейінгі 30 шәкірті қатысты. Олардың арасынан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша облыстық шын мықты анықталды.

Қатысушыларды өнерін «Қауам әд-Дин әл-Итқани әт-Түркистани» республикалық Құран қариларын даярлау орталығының директоры Сәдуақас қари Сағындықұлы, «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығының директоры Манас қари Айдарұлы, Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Акбархуджа қари Юнусов бағалап, қазылық жасады. Сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:

1-орын - Амралинов Ержан Рашидұлы

2-орын - Хайрол Нұрахмет

3-орын - Тилесбаев Ерлан

3-орын - Акбас Нурислам Юсупұлы

Амангелді Сабыр Аязбайұлы – «Жас шәкірт» номинациясы

Мухтар Абдурахман Ерланұлы – «Жас шәкірт» номинациясын иеленді.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға да қаржылай сыйлық үлестірілді. Сайыс қорытындысына облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы қатысып, Екібастұз мешітінің «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілі Шынғыс Тұрсынұлына және жарысқа демеушілік көрсеткен жандарға өз ризашылығын білдірді.

Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Дулат Қабиденұлы өз сөзінде жарыстың жалпы мақсаты қасиетті Құран Кәрім тағылымын бойларына сіңірулеріне жол ашу, сондай-ақ Құран жаттауға деген қызығушылықтарын арттыру екендігін айта келіп, «бәйгені ұйымдастыру да – Алла жолындағы мәртебелі қызмет» деп түйіндеді.

fc0a088e-9544-4aab-a0a0-97988a661763.jpg

911f786b-9ceb-4907-8355-1ca114342693.jpg

b2dfebf0-d52b-4473-8696-b2b501bdb214.jpg

78b4e263-c5b5-4bfa-ae21-7815a648bf19.jpg

fc0a088e-9544-4aab-a0a0-97988a661763.jpg

ummet.kz

Бөлісу: