28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Халал Даму» «Magnum» қызметкерлеріне семинар өткізді

«Халал Даму» «Magnum» қызметкерлеріне семинар өткізді

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен еліміздегі ірі сауда орындарының бірі – «Magnum Cash & Carry» супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендер желісі қызметкерлеріне «Адал ас» тақырыбында онлайн және офлайн форматта оқу-семинары өтті.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының төрағалығымен өткен семинарға Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы, санитарлық ветеринария ісінің маманы, технолог Данияр Сафиев, еліміздің 10 ірі қаласындағы «Magnum»-ның 100-ге жуық қызметкері мен жергілікті инспектор-контролер мамандар қатысты.

«Magnum Cash & Carry» – серпінді дамып келе жатқан еліміздегі ең ірі  сауда желісі. Аталған сауда орындарында халал өнімдердің кең ассортименті ұсынылғандықтан халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде стандарттың барлық талаптары қатаң орындалып, технологиялық тізбек толықтай сақталуы тиіс. Осы орайда ревизорлық тексеріс шараларынан бөлек, ет қоймасы мен ет өңдеу, сату орындарындағы қызметкерлерге шариғат және халал стандартының маңызы, талаптары мен ерекшеліктері жөнінде оқу-семинар шаралары, кәсіби біліктілікті арттыру жобалары жүргізілуі тиіс. 100-ге жуық ет сату және өңдеу орындарындағы қызметкерлер қатысқан семинарда «Халал Дамудың» жұмыс барысы, стандарттаудан бастап сертификат табыстауға дейінгі кезеңдері таныстырылды. Шариғат маманы Медет Құрмашұлы ислам әдебіне сай мал сойып, ет өңдеудің тәртібі мен міндетті жөнінде баяндама жасаса, Данияр Сафиев етке қойылатын ветеринарлық, санитарлық талаптарды түсіндірді. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына, кәсіби мамандар тарапынан жауап берілді», – деген Айбек Асқарбекұлы аталмыш семинардың жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгінде «Magnum» сауда желілеріндегі ет және шұжық сататын орындарды «QMDB HALAL» стандартына сәйкес сертификаттау үшін қажетті жұмыстар әлі де жалғасуда.

efe798b1-a286-4ed2-91c8-77448a8198ad.jpeg

Бөлісу: