13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Ақмолалық қарилар сайысқа түсті

Ақмолалық қарилар сайысқа түсті

Жаңалықтар
Жарнама

Көкшетаудағы «Жақия қажы» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Оған Ақмола облысының түкпір-түкпірінен он бес шәкірт қатысып, бақ сынады. Алланың кәләм сөздерін жүрекке түйіп, жатқа айту – нағыз имандылықтың белгісі. Көкөрім өскелең ұрпақ өкілдерінің Құран жаттауға  деген талпыныстары мен құлшыныстары қуантты.

Іріктеу сайысында елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мұртаза қари Ертайұлы, өңірге белгілі ұстаз Нұрлан Әбенұлы мен «Науан хазірет» мешітінің наиб имамы Ұлан Шарипов қазылық жасады.

Сайыс нәтижесінде 10 пара бойынша Нығмет Ерланұлы бірінші орын алса, Нұрым Тасболатұлы мен Ержол Ауғанбайұлы жүлделі екі орынды иеленді.

Ал, отыз пара бойынша Дінмұхамед Сабыржанұлы (бірінші), Абдурахман Нұрланұлы (екінші) және Бейбарыс Қуантай (үшінші) жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Жеңімпаздарды облыс имамы Қуаныш Жұмабайұлы мен қазылар алқасының төрағасы Мұртаза Ертайұлы марапаттап, қариларға сәттілік тіледі. Үздік атанған қарилар Түркістан қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

f138c17c-2214-4535-99b3-96fd30eab42e.jpeg

2b544533-4919-4d45-9925-4bdc92eea1fc.jpeg

f138c17c-2214-4535-99b3-96fd30eab42e_1.jpeg

57c606d6-94c8-4976-8049-9e977b100232.jpeg

Бөлісу: