02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қарағанды: Республикалық байқаудың іріктеу кезеңі өтті

Қарағанды: Республикалық байқаудың іріктеу кезеңі өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Жарыс шымылдығын Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы ашып, Құранның қадір-қасиеті мен сайыстың маңызына тоқталып өтті. Құран жарысына қатысушы қариларға сәттілік тілеп, көрермен жамағатқа алғыс білдірді.

Іріктеу сайысына Қарағанды қаласы бойынша 12 үміткер қатысты. Атап айтқанда, Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша 30 параға – 2 үміткер, 20 параға – 3 үміткер, 10 параға – 2 үміткер, ал мәнерлеп оқу бойынша – 5 үміткер өзара бақ сынады. Құран жарысының іріктеу сайысына Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің бас имамы Ысқақ Рахимбекұлы, «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы және«Балақажы» мешітінің наиб имамы Сұлтан Аманжолов қазылық етті.

Үміткер қарилар күні бойы Құран оқып, көрермендердің құлақ құрышын қандырып, жандарын илаһи нұрға бөледі. Тартысты өткен бәсекеде 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған қарилар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Казкенұлы Құран жарысына қатысқан қарилар мен шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ Х республикалық Құран байқауына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша І орынды Әбділмәлік Мұратұлы жеңіп алса, 20 парасын жатқа оқудан Нұртілек Серікұлы үздік атанды. Ал 10 параны жатқа оқудан Әділет Саяжанов дара шапса, Құран Кәрімді мәнерлеп оқу І орынға Берік Нұрболат лайық деп танылды.

4 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлері биыл Түркістан қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық Құран байқауына жолдама алды.

8bcc07b7-7f65-4562-99fb-328c0116ff35.jpg

98c730a7-8b1b-42e7-b3a6-e3431bbedf14.jpg

8a4c8001-50d0-4a51-baa2-8f0cdd8527a2.jpg

ююююююююююю.jpg

20e5d8dd-5859-4d12-9af5-b26963a1eaba.jpg

Бөлісу: