03
Жұма,
Мамыр

һижри

Талдықорған: Республикалық Құран байқауына жолдама берілді

Талдықорған: Республикалық Құран байқауына жолдама берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Талдықорған өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Иман» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша X республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Жарысқа өкілдікке қарасты «Талдықорған жеке қайырымдылық мекемесінің қарилар даярлау орталығының» шәкірттері қатысып, Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өзара бақ сынасты.

Құранмен нұрланған болашақ қарилар жарысына Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, наиб имам, қари Мадияр Қайратбекұлы, «Нұр» мешітінің наиб имамы, қари Әбіләкім Ибрахим қазылық етті.

Іріктеу сайысында сөз бастаған бас имам Алмас Сағидоллаұлы Құран жаттаудың артықшылығы және қазақ топырағындағы қарилар тарихына тоқталып, додалы бәйгеде қатысушыларға рухани демеу берді.

Дәстүрге айналған Құран сайысында үміткерлердің Құранды жатқа айтуына, тәжуидіне, махамына, дауыс әдемілігіне мән берілді. Жарыс соңында 4 деңгей бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар қаржылай марапатталды. Жүзден жүйрік шығып, үздік атанған Тұрғанжан Абдулла (мәнерлеп оқу), 10 пара: Сайдулла Ибрахим (10 пара), Еренұлы Ерасыл (20 пара) және Базарәлі Жасұланға (30 пара) X республикалық Құран байқауына жолдама берілді.

2d810595-8d42-48b9-b916-64b3208eb144.jpeg

a4904288-260a-498b-8e23-a486c7f1699b.jpeg

916e4640-55a9-4334-a2dc-2566e8a0c5a3.jpeg

Бөлісу: