05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Атырау: Қыздарға арналған қайырымдылық мекемесі салынуда

Атырау: Қыздарға арналған қайырымдылық мекемесі салынуда

Жаңалықтар
Жарнама

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау селолық округі мешіті жанынан салынып жатқан қайырымдылық мекемесінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Бас имам қыздарға арналған қайырымдылық мекемесі құрылыс барысымен танысып, сауапты іске үлес қосып жатқан жандарға айрықша алғысын білдірді.

«200 орындық екі қабатты ғимаратта діни біліммен бірге, дүниелік ілім қоса берілетін болады. Ғимаратта жатақхана, дәмхана, спорт залы болады деп күтілуде. Жатақхана екі бөлек орналасады. Яғни, шәкірттерге және ұстаздарға бөлек жатақхана болады. Біздің мақсатымыз – отансүйгіш және білімді, иманды жастарды тәрбиелеу» дейді Алтынбек Ұтысханұлы. 

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Атырау селолық мешітіне мұнара тұрғызылды, автотұрақ жасақталды.

img_9070-750x450.jpg

img_9086-1024x683.jpg

img_9049-1024x683.jpg

Бөлісу: