06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Талдықорған: Мектеп оқушыларына қолдау көрсетті

Талдықорған: Мектеп оқушыларына қолдау көрсетті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен «Зекет және қайырымдылық» қорының дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны орталық «Иман» мешітінде өтті.

Шара барысында өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы балғын бөбектерге батасын беріп, сөмке-жабдықтарын табыстады. Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Оқу жылы басталғанда бір үйден бірнеше баланы киіндіріп, қажетті заттармен қамтамасыз ету барлық отбасыға бірдей оңай емес. Әсіресе, көпбалалы жандарға біраз ауырлау. Дегенмен, мешіт жанынан ұйымдастырылатын осындай ізгі шаралар бізге үлкен көмек» деп ата-аналар алғыстарын білдірді.

Игі шара барысында 130 балаға мектеп сөмкесі, құрал-жабдықтары тарту етілді.

1eddb2bf-ff68-47a1-bae3-26a31be8c350.jpeg

c5c9c085-10e1-4fdd-8517-807a5e3213ab.jpeg

acc627c4-75b7-42d2-8f99-e594e12b914f.jpeg

Бөлісу: