06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Павлодар: 700-ге жуық оқушыға қуаныш сыйлады

Павлодар: 700-ге жуық оқушыға қуаныш сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

Аптаның алғашқы күні ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол-2021» науқаны бойынша жүргізілген қайырымдылық шарасы барлық қала, аудан, ауыл мешіттерінде  ұйымдастырылды.

Ізгі істің нәтижесінде жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын 700-ге жуық мектеп оқушыларына сөмкесі мен қажетті оқу құралдары (дәптер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) сыйға берілді.

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ауласында өткен қайырымдылық шарасында облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы аталмыш дәстүрлі игі іске ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорымен қатар  мешіт жамағаты да үлкен үлес қосқанын айта келе, балаларға үлгілі де тәртіпті, оқуда озат, білімге құштар болып, Отанымыздың мықты азаматтары болып өсуіне тілек білдіріп, ақыл-кеңесін айтты.

Өз кезегінде ата-аналар да мешіт тарапына үлкен алғыстарын білдірсе, шараға өңірлік БАҚ өкілдері де қатысып, жақсы істі жалпақ жұртқа насихаттады.

9f8b1dc8-1255-4f38-91de-faae4d35bc33.jpg

bce032d1-7750-4274-9bf9-967dc6883dd8.jpg

507c3b2b-6a16-4a4c-8047-db1e9ea42469.jpg

Бөлісу: