15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Қызылорда: 444-баспана берілді

Қызылорда: 444-баспана берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Қызылорда облысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 444-баспана берілді.

Қызылорда қаласының «Шын жүректен» қоры мен мешіт жамағаты, сондай-ақ  Атырау қаласының еріктілерінен құралған «Қане, сауап жинайық» қоры бірлесе отырып, отбасында екі мүгедек баласы бар Ботакөз Сұлтанбекқызына баспана кілтін табыстады.

Аталмыш шараға Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, баспана кілтін табыстап, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Сонымен қатар, мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін жобаның жүзеге асырылуы жолында қызмет атқарып жүрген барша азаматтарға, мешіт имамдары мен жамағатына шексіз ризашылықтарын білдірді.

Бөлісу: