18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Қостанай: Арқалыққа жаңадан имам тағайындалды

Қостанай: Арқалыққа жаңадан имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет қасиетті жұма күні Арқалық қаласында іссапармен болды. Онда ол жергілікті «Мухтасиб Әл-мұхаммед» мешітіне ат басын бұрып, жамағатпен кездесті.

Жүздесуде кадрлық мәселе қаралды. Осы кезге дейін бас имам болып қызмет атқарған Дархан Қосылбаевқа атқарған жммыстары үшін алғысын білдіріп, иығына шапан жапты. Одан кейін жұма намазын өткізіп, жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Арқалық қаласының бас имамы болып тағайындалған Нұрхан Асанұлын таныстырды.

Сонымен қатар Бахытбек Нұрғабылұлы шаһардың әкімі Әмірхан Асановпен кездесіп, қаладағы діни ахуал туралы сөйлесті. Өз кезегінде қала әкімі жауапты қызметке кіріскен Нұрхан имамға жергілікті халықпен тіл табыса отырып, сенім биігінен көріне беруіне тілектестігін жеткізді.

f9aa8927-885b-4b95-b7a9-67d3a11d01d2.jpg

1d8e10b2-c21f-4b35-8bcd-e46a257d0275.jpg

Бөлісу: