06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Жамбыл: Имамдар эвакуацияланған тұрғындарға көмектесті

Жамбыл: Имамдар эвакуацияланған тұрғындарға көмектесті

Жаңалықтар
Жарнама

Жамбыл өңіріндегі әскери бөлімде болған жарылыс бір сәтте Тараз шаһарын дүр сілкіндіріп жіберді.

Ақшолақ және Үшбұлақ ауылдарының арасында орналасқан әскери ғимаратта тосыннан шыққан өрт салдарынан жақын орналасқан барлық аймақ сілкініп, дүйім жұртты уайым басты.

Әскерилерге өз уақытында көмек көрсетіліп, әскери бөлімге жақын орналасқан ауыл тұрғындары эвакуациаланған болатын. Осы орайда халыққа рухани демеуші болып жүрген имамдар да көмекке асықты.

Мешіт атынан эвакуацияланған тұрғындарға ыстық тамақ ұйымдастырылып, қаржылай көмек көрсетілді.

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы мен Байзақ ауданының бас имамы Рамиз Азизов, сондай-ақ мешіт қызметкерлері қауіпті аймақтан көшірілген көпшілікпен жүздесіп, хал-ахуалдарын сұрап, оларды сабырға шақырды. Мұндай жағдайда сабыр сақтаудың маңызын түсіндіріп, насихат айтты.

Дін мамандары қандай көмек болсын көрсетуге әзір екендерін жеткізіп, сын сағатта халықтың жанынан табыла кеткеніне тұрғындар дән риза. Имамдар жарылыс алаңында жарақат алған әскерилерге «Алла жеңілдігін берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деп дұға жасады.

Photo-1630047025-45537.jpg

Photo-1630047027-77017.jpg

Photo-1630047025-81619.jpg

Бөлісу: