10
Жұма,
Мамыр

һижри

Халал индустрияның әлемдік деңгейдегі болашағы қандай?

Халал индустрияның әлемдік деңгейдегі болашағы қандай?

Жаңалықтар
Жарнама

Америкалық зерттеушілер  әлем бойынша халал индустриясының дамуына зерттеу жүргізді.  2027 жылға қарай халал тағам өнімдерінің нарығы 11%-ға өседі.

Сарапшылардың айтуынша, халал индустриясы карантиндік шектеу шараларына қарамастан тұрақты дамып келеді. Бұған әлемде мұсылмандар қарасының жылдан жылға көбейіп келе жатқаны әсер етуде, дейді Renub Research  зерттеу компаниясы. 

Халал өнімдерді тұтыну бойынша – Оңтүстік-шығыс Азия көш бастап тұр. Өйткені, бұл аймақта әлемдегі мұсылмандардың үлесі 62%-ды құрайды. Renub Research мамандары атап өткендей, халал өнімдерді тұтыну тек мұсылмандар арасында ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі бөлек тұрғындар арасында да артып келеді. Дегенмен халал азық-түлік нарығында негізінен жергілікті өндірушілер үлесі көп, алайда, олар аймағына қарай ерекшеленеді. Бұдан бөлек, әлемге әйгілі компаниялар да халал нарығының болашағының жарқы екеніне сенім білдіріп, инвестиция құя бастаған. 

Бөлісу: