10
Жұма,
Мамыр

һижри

Қостанай: Мың баланы мектепке дайындады

Қостанай: Мың баланы мектепке дайындады

Жаңалықтар
Жарнама

Қостанай облыстық мешітінің ұжымы жылда қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Биыл аталған шара аясында өңір бойынша 1000 балаға мектепке киетін киім-кешек, сабақ барысында қолданатын қажетті құрал-жабдықтар мен сөмекелер таратылды.

Өңірдің бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет облыс бойынша барлық мешітте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық көмегін көрсете отырып, жаңа оқу жылы қарсаңында табыс тіледі.

Өз кезегінде ата-аналар қауымы «Бар жақсылық – балаларға» деген қағиданы берік ұстанып, қашан да қол ұшын беруге дайын тұратын мешіттің бас имамы мен барша қызметкерлеріне, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдеріне алғыс білдірді.

48ed8a63-968f-4c19-9f18-55db30e6adb4.jpg

24f0d804-cacd-487c-840e-ac449f95b308.jpg

Бөлісу: