08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Атырау: Махамбет ауданына бас имам тағайындалды

Атырау: Махамбет ауданына бас имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

Атырау облысы Махамбет ауданыныңбас имамы тағайындалды. Имам Нұрбек Ибадоллаевты жергілікті жамағатқа Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таныстырды.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бүгін Нұрбек Ибадоллаев жаңа қызметке тағайындалып отыр. Бұған дейін Жылыой ауданындағы мұсылмандар мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген Нұрбек Ибадоллаев бауырымыз жаңа қызметінде де қайырлы істерімен, берекелі істерімен танылады деп сенемін.

Жаңадан тағайындалған бас имамға алған білімі мен тәжірибесін кеңінен насихаттай беруін Алла нәсіп етсін. Мешіт жамағаттары жаңа имамның жанынан табылады деген үлкен сенімдеміз» деді Алтынбек Ұтысханұлы. Сондай-ақ ол бұған дейін Махамбет ауданының мешітіне басшылық жасаған Ержан Иманғалиевтың қызметіне алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

Нұрбек Ибадоллаев – Қызылорда облысының тумасы. Шымкент қаласындағы Халықаралық қазақ-араб университетін бітірген. 1997-1999 жылдары Түркияның Стамбұл қаласында екі жылдық діни медресені тәмамдаған. Араб тіліне жетік маман.

3dc1f782-f034-447d-bc07-9be7e9b57249.jpeg

76e16b05-ce5f-4962-8e0f-c17fea401cde.jpg

Бөлісу: