04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Шымкент: Еріктілерге Бас мүфти алғыс хаты табысталды

Шымкент: Еріктілерге Бас мүфти алғыс хаты табысталды

Жаңалықтар
Жарнама

Өздеріңізге белгілі, биыл құрғақшылық салдарынанеліміздің Маңғыстау мен Қызылорда облыстарыныңмал шаруашылығы қиын жағдайға тап болды. Осы сындарлы сәтте Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағында тұратын бірқатар еріктілер ҚМДБ Төрағасы,Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне қолдау білдіріп, аталған өңірлерге қол ұшын созған болатын.

Осы игі бастамаға ерікті түрде қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтып, ынталандыру һәм өзгелерге үлгі етіп көрсету мақсатында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттау үшін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында басқосу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің іс басқарушысы Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, дінтанушы Азамат Әбідкерімұлы және қала мешіттерінің бас имамдары, ерікті топ мүшелері қатысты.

Бас мүфтидің марапаты Біржан Байтуов, Құрмет Талапқазы, Қажымұхан Абзалов, Бекмұрат Анарбаев, Сайлаубай Мейірбеков, Мұратбек Солтанбай, Мақсат Дәулетұлы, Нұрлыбай Татаев, Арыстан Оразалыұлы, Бекжан Орманәліұлы, Нұржан Жақсылық, Марат Ергешұлына табысталды. Басқосу аясында қатысушылар кітапхананың «Мүфтият» имандылық бұрышы мен шағын мұражайын тамашалады.

b4b47bfe-5329-4429-936f-59c19e3a4a10.jpg

882a41a6-c172-4363-ba67-fe19ca8db876.jpg

Бөлісу: