27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Халал Даму»: Қостанай облысында аудит басталды

«Халал Даму»: Қостанай облысында аудит басталды

Жаңалықтар
Жарнама

«Халал Даму» басшылығы мен мамандарының Қостанай облысындағы іссапары барысында өңірдегі сертификаттаудан өткен кәсіпорындарда кезекті аудит шараларын жүргізу басталды.

Ревизорлық бақылау-қадағалау жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас сарапшы-технолог Айжан Омарова, жергілікті инспектор-контролер Алишер Балахмет орындауда.

«Бүгінгі тексеріс барысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындарды: «Қостанай агро продукт», «Meatmall», «Север ет» қасапханалары, «Terra meat» ет өңдеу зауытының шариғат шарттарына сай мал бауыздап, стандарт талаптары бойынша ет өңдеуі, өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуы қадағаланды. Өндіріс пен дайын өнімді бақылау – өнімнің жоғары сапасына кепілдік береді.  Себебі,  нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылық ет өнімдеріне сұраныс жоғары. Сондықтан сұранысты сапалы, адал өніммен қамтамассыз ету үшін тиісті деңгейде өнім өндіріп, қызмет көрсететін қасапханалар, ет дүкендері қажет.

Біздің мамандардың тыңғылықты, әрі, кәсіби бақылауынан өткізілген «Қостанай агро продукт», «Meatmall», «Север ет» қасапханалары, «Terra meat» ет өңдеу зауыты өз деңгейінде ел игілігіне үлесін қосып жүрген кәсіпорындардың бірі екендігін атап өткен жөн. Сонымен қатар,  «Абишев» кәсіпкерлігіне тиесілі «Хан сарайы» дәмханасының ас дайындау аумағы, қолданатын шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, санитарлық тазалығы қадағаланды. Қостанай облысында басталған бақылау шаралары барысында кейбір кәсіпорындарға ескертіп жасалынып, бірқатар өндіріс орындары жақсы нәтиже көрсетуде» деп хабарлаған Айбек Асқарбекұлы өңірдегі кәсіпорындарды қадағалау әлі де жалғасатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «Халал Даму» басшылығының тікелей қадағалауымен жүргізілетін республикалық көлемде жүргізілетін кезектен тыс аудит шаралары Қостанай облысында жалғасуда. Алдағы күндері «QMDB Halal» сертификатына ие болған өңірдегі 20-дан астам өндіріс орындары тексеріледі.

4.jpg

6.jpg

Бөлісу: