28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Түркістан: Таразға көмек жеткізілді

Түркістан: Таразға көмек жеткізілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Тараз, біз біргеміз!» акциясы өтті. 

Акция аясында еріктілерден 3 тонна зат жиналды. Алғашқылардың бірі болып мешіттер қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен отбасыларға азық-түлік пен кілем жеткізілді.

Атап айтқанда, үн, күріш, макарон, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, шай, тұз, сондай-ақ кірсабын, кір жуатын ұнтақтар және 15 кілем таратылды. Тараздық тұрғындар имамдарға алғысын жаудырды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов демеушілерге ризашылығын білдірді. Көмек керуенін жеткізген топ апаттан қаза тапқандардың рухына Құран бағыштап, жергілікті жұртшылыққа амандық тілеп қайтты.

97235eb1-9a4c-49d2-8f47-d5b238eb0510.jpg7c6ca02a-d283-4af2-a19d-0c5d88ba66a8.jpg

866d6cba-7a2c-45e0-91eb-5b01c0bf8735.jpg

03edd459-e001-49c2-806b-ec851ca8cdfa.jpg

Бөлісу: