02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Маңғыстау: Мешіт құрылысымен танысты

Маңғыстау: Мешіт құрылысымен танысты

Жаңалықтар
Жарнама

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына арнайы іс-сапары барысында Батыр ауылындағы мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мешіт құрылысына жауапты Бауыржан Дүйсенұлы Әнуар Ізімбайұлын жұмыс барысымен таныстырып, құрылыс алаңын аралатты. Оның айтуынша, бүгінгі күні бірінші қабаттың терезелері орнатылып, алдағы күндері екінші қабаттың терезелері қойылады.

Екі мұнарасы да біршама көтеріліп қалған. Мешіт іргесіндегі асхана, ер және әйел адамдарға арналған дәретхана құрылысы да бір мезетте жүріп жатыр.

Құрылыс жұмыстарына қанағаттанған облыстың бас имамы: «Бір жыл бұрын қазығы қағылған құлшылық үйінің құрылысы қарқынды жүріп жатқаны қуантарлық жағдай. Мешіт құрылысына қаражат бөліп, қолдау көрсеткен барша азаматтарға, құрылысшы жігіттерге Алла разы болсын», – деді.

Айта кетейік, Мұнайлы ауданының Дәулет ауылында да тағы бір мешіт бой көтеріп жатыр.

e5614fdd-0285-4b98-955a-c0cd06e26044.jpg

6403fc3d-9084-4aa2-ac74-c604c0161797.jpg

Бөлісу: