02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Алматы: Біліктілік сайысының 3-ші күні

Алматы: Біліктілік сайысының 3-ші күні

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен «ҚМДБ концептуалды құжат» аясында және Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан Алматы қаласы имамдары арасында өткізіліп жатқан сайыстың кезекті күні Бостандық және Медеу аудандары имамдарының бақ сынасу күні болды.

Әрбір имамның біліктілігі мен біліміне баса назар аударған Бас имам Төлеби қажы Оспан: «Имамдардың атқаратын діни рәсімдерінің барлығында да құран оқылады. Сол себепті, біздің құранды көркем оқуымыз аса маңызды. Бүгінгі жарыс барша дін қызметкерлерін осы бағытта өз-өздерін жетілдіруге жол ашады», - деп дін қызметкерлерінің талапқа сай бағытта жұмыс атқаруын сөз етті. Имам - ұстаздар концептуалды құжаттар негізінде сұрақ-жауапты электронды түрде тапсырып, қосымша сұрақтарға да жауап берді. 
Тартысты сәттен білімімен оза шыққан «Бақыткелді» мешітінің найб имамы Бақытжан Ақжолтай I-орын (100 мың теңге) жүлдегер болды. II-орынды (70 мың теңге) «Омар ибн Хаттаб» мешітінің найб имамы Дарханбаев Асқар Елемесұлы иеленсе, III-орын (50 мың теңге) «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Серікхан Ахмадиевке бұйырды. 
Пернебекұлы Темірбек, Пазылов Айдос, Саюзмаматов Нұрлан, Тілеубердиев Алпамыс, Сүлейменов Данияр, Мухтаров Темирлан ынталандыру иегерлері (10 мың теңге) атанды. 
Өткізіліп жатқан іс-шара жайлы Бостандық ауданының бас имамы Данияр қари Жұмабаев: «Бас имам Төлеби Оспан бекіткен қыркүйек айының жоспарына сай қала имамдары Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқу бойынша арнайы оқыту семинарына қатысты. Сол семинардың қорытындысы ретінде бүгін білім сайысы өтті. Бұл сайыс имамдар үшін мотивация болды. Бір ай бойы Құран қайталап, кітап қарап, біршама ізденді. Әрдайым халықтың алдында жүрген имамдар үшін мұндай білім сайыстары тек пайда береді», - деп алғысын білдірді. Білім сайысы ертең Жетісу және Түрксіб аудандарында жалғасын табады.

Бөлісу: