12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Алматы: Имамдар бақ сынады (фото)

Алматы: Имамдар бақ сынады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

«ҚМДБ концептуалды құжаты»  аясында және Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан білім сайысы Алатау, Наурызбай аудандарында жалғасын тапты.

Сайыс төрешілерінің құрамында болған Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен концептуалды құжаттары мен Құран Кәрімді жатқа оқу негізінде өткізіліп отырған бұл сайыстың мақсаты халыққа қызмет жолында дін қызметкерлері, имам-ұстаздардың біліктігін арттырып, насихат жұмысын жандандыру болып табылады. Осы сайыста баршаңызға сәттілік тілеймін», - деп атап өтті.  

Дін қызметкерлері арасындағы өзара бақ сынасқан сайыс жоғары деңгейде өтті. «Бір ай бойы сайысқа дайындалған имам-ұстаздар үшін бұл сайыстың бергені мол. Қасиетті Құран Кәрімді қайталап, концептуалды қүжаттарды кеңінен түсінуге зор мүмкіндік туды. Алдағы уақытта да Алатау ауданы бойынша осы дайындықты жалғастырамыз деп сенемін», - деді өз кезегінде сөз алған «Тоқбай ата» мешітінің бас имамы Қаленов Кенжебек. 
Екі аудан бойынша 69 дін қызметкерлері қатысқан сайыстың үш кезеңінен де мүдірмей өтіп үздік деп танылған «Абу-Бакр» мешітінің ұстазы Меңліұлы Аман І орын алып  100 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа иелік етті. Сонымен қатар әуенді дауысымен жүректі елжіреткен «Ер Жәнібек» мешітінің Бас имамы Әбілахан Ірсәлі ІІ орын алып 70 мың теңгелік жүлде алды. Зияткерлік сипатын бойына сіңірген «Заря Восток» мешітінің ұстазы ІІІ орынға иелік етіп 50 мың теңгені қоржынына салды. Сондай-ақ 9 имамға ынталандыру сыйлықтары (10 мың теңгеден) табысталды. Бас жүлдегер «Абу-Бакр» мешітінің ұстазы Аман Меңліұлы: «Бұл сайыс білімімізді шыңдап, бір ай бойы Құран кәрімді қайталауға септігін тигізді. Тыңғылықты дайындық нәтижесінде бас жүлдеге ие болдым. Осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін деп тілеймін», - деп сөз түйді.

Бөлісу: