28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» мешітінің ұжымы білікті ұстазбен толықты

«Нұр Астана» мешітінің ұжымы білікті ұстазбен толықты

Жаңалықтар
Жарнама

«Нұр Астана» мешітінің ұжымы тағы бір білімді маман, білікті ұстазбен толықты. Бүгін қасиетті жұма намазында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Нәдірұлы жамағатқа «Нұр Астана» мешітінің жаңа ұстазын тағайындап, таныстырды.

«Нұр Астана» мешітінің жаңа ұстазымен таныс болыңыздар:

Кулер Нуриддин Абдусамадұлы – 22.04.1986 жылы Түркия мемлекетінде дүниеге келген. 2000 жылы өз еліне оралып, 2001-2004 жылдары аралығында Шымкент қаласы «Дар-Аль-Арқам» Құран Кәрім жаттау орталығында 30 пара Құранды толық жаттап қари атанды.

2007-2011 жылдары Египет Араб республикасындағы «әл-Азхар» университетінің институтын тәмамдаған.

2011-2015 жылдары «Нұр-Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің Исламтану факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

2014-2017 жылдары –  Алматы қаласы, «Қалқаман-2» мешітінде азаншы,

2017-2018 жылдары – Алматы қаласы, «Ақсай» мешітінде ұстаз,

2018-2019 жылдары Алматы қаласы, «Таугүл-3» мешітінде ұстаз,

2019-2021 жылдары – Нұр-сұлтан қаласы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұстаздық қызметін атқарды.

Отбасылы, 4 баланың әкесі

NuriddinImam 2

NuriddinImam 3

NuriddinImam 4

NuriddinImam 5

NuriddinImam 6

NuriddinImam 7

NuriddinImam 8

NuriddinImam 9

NuriddinImam 10

ummet.kz

Бөлісу: