Бүгін «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың әдеттегідей қайырымдылық бастамасымен мешіт ұжымы елордалық отбасыларға қуаныш сыйлады.
Қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бір айлық азық-түлік үлестірген мешіт ұжымы үшін қайырымдылық жасау әлдеқашан дәстүрге айналып кеткен. Ай сайын, тіпті күн сайын қамқорлыққа, жақсылыққа мұқтаж отбасыларын қуанту үшін барын салатын мешіт ұжымы бүгін де бірқатар отбасылардың ыстық алғысына бөленді.
Ізгі шараға «Сауап» белсенділер тобы да атсалысып, демеушілік көрсеткенін айта кетейік. Әрқашан сауапты шараның басы-қасынан табылатын «Сауап» белсенділер тобы бұған дейін де мешіт қабырғасында ұйымдастырылып жүрген түрлі қайырымдылық шараларға үлес қосып, жомарттық танытып, қолдау білдіріп келеді.
«Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы» дейтін халық даналығын берік ұстанған «Нұр Астаналықтарға» Алланың нұры жаусын дейміз.
ummet.kz