20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти «Түркістан» телеарнасының жұмысымен танысты (фото)

Бас мүфти «Түркістан» телеарнасының жұмысымен танысты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған іс-сапарында «Алатау» медиа орталығында болып, «Түркістан» телеарнасының жұмысымен танысты.

Телеарна директоры Бағдат Қожахметов Бас мүфтиге ұжымның жаңа бастамаларымен таныстырып, жұмыс жоспарымен бөлісті. Наурызбай қажы Тағанұлы телеарна ұжымына сәттілік тілеп, дұға жасады.

Айта кетсек, түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысында 7 мемлекеттен құралған Парламенттік Ассамблея кеңесі бір ауыздан «Түркістан» телеарнасының түркі елдеріне ортақ арна болатыны туралы шешім қабылдады.

Бөлісу: