03
Жұма,
Сәуір

һижри

Имамдардың білімін шыңдауға арналған семинар өтті (фото)

Имамдардың білімін шыңдауға арналған семинар өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов пен Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай іс-сапармен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Олар облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде өткен қала және аудан имамдарының білімін шыңдауға арналған семинарға қатысты. Семинар барысында Исламның негізгі мәселелері – ақида, фиқһ, мәзһаб ұстану, сонымен қатар Ихсан ілімі тақырыптары қамтылып, талқыға салынды.

Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы аталған шараның мәні мен маңызын, көзделген мақсатын айтып түсіндірді.                               

Тағылымы мол семинарға өңірдің 15-ке жуық имамы қатысты. Үш күндік семинарға қатысқан үміткерлер арнайы сараптамадан өтті. Сараптама қорытындысы бойынша имамдарға арнайы сертификаттар табысталды.

Бөлісу: