29
Жұма,
Наурыз

һижри

Алматы: Қариялар үйіне қайырымдылық сыйы берілді

Алматы: Қариялар үйіне қайырымдылық сыйы берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен 8 аудандық және қала мешіттері бірігіп қариялар үйіне сыйлық жасады.

Алматы Орталық мешітінің қызметкерлері қала мешіттерімен бірігіп жинаған жаңа 45 кілемді қариялар үйіне жеткізіп берді. Әрдайым жандарына жылулық күткен қарияларға қайырымдылық көмек көрсету, сый-сыяпат жасау өкілдіктің басты назарында. Осы мақсатта қала мешіттерімен бірлесе атқарған сауапты амал ардагерлердің жүзіне жылулық ұялатты. "Шаңырақ әлеуметтік қызмет орталығы" әкімшілігі де Орталық мешіт ұжымы мен дін қызметкерлеріне зор алғыс білдірді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ыстық ықыласын жеткізген Орталық мешіт қызметкерлері қариялардың ризашылығы мен ақ батасын алып қайтты. Қазыналы қарттарға амандық тілейміз. Сауапты істер көп болғай.

дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: