17
Жұма,
Мамыр

һижри

Алматы: Жамағат арасында кітап оқу сайысы өтті

Алматы: Жамағат арасында кітап оқу сайысы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің бастамасымен Бостандық ауданы Нұрлытау мешітінде оқу ағарту және жастар ісі бағыты бойынша «Жақсы кітап жан азығы» атты кітап оқу сайысы өтті.

Кітап оқу сайысы 3 кезеңнен құралды. Айына бір рет өтетін бұл шараға Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты, ұстаз Азамат Жамашев арнайы қонақ ретінде шақырылды. Додалы сайыста мешіт жамағаты «Хадис ғылым бұлағы» кітабы бойынша үш кезеңде өзара бақ сынады. Білім сайысына қатысқан барлық оқырмандарға кітап авторы Азамат ұстаз кітабына қолтаңба қойып, сертификаттар табыстады. Ал сайыста оза шапқан үздіктерге ақшалай сыйақы табыс етілді. Шара соңында жамағатқа кітап жайында тағылымы мол видеоролик көрсетілді. Азамат ұстаз білім алудың дініміздегі орны мен кітап оқудың пайдалары туралы насихат айтты. Ұйымдаструшылар шара соңында ұстазға қазақы дәстүрге сай шапан жауып, алғыс білдірді.
Сондай-ақ қатысушыларға келесі айда оқылатын "Үйленбей тұрып үйрен" кітабы табысталды. Кітап авторы "Қалқаман 2" мешітінің бас имамы, Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты, ұстаз Руслан Қамбар.

Бөлісу: