13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Жамбыл облысында 5 отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысында 5 отбасы баспаналы болды

Жаңалықтар
Жарнама

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысының Қордай ауданында 5 үйдің кілті табысталды.

Айтулы шараға аудан басшылары мен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы келіп қатысты. 5 бірдей отбасының қуанышына бүкіл Қордай ауданы ортақтасты.

Қоныс тойын тойлағандардың қатарында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты отбасылар да бар. Үйі жоқ адам өмір сүрмегендей болмақ. Өмірін кейінге қалдырып уақыт оздырады. Оның санасында күту белгісі қосылады. Осыдан үй алсам, көшсем, жөндесем, сосын барып… Үй – бүкіл өміріміз тамыр жаятын топырық. Адамның ересек, саналы өмірі өтетін орын. Сондықтан үйлі болу – әрбір отбасының арманы. Міне, осы арманның орындалуына себепші болған «Асарлатып үй салу» жобасы болатын.

Шарада бас имам көпшілік алдына шығып, сөз сөйлеп, жобаға атсалысқандарға алғыс айтып, отбасыларды және бүкіл жамағатты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Бөлісу: