29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Бес отбасына көмірмен қайырымдылық жасалды (ВИДЕО+ФОТО))

Жаңалықтар
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті үшін жаңа жылдың алғашқы күні сауапты іспен бастау алды. Қайырымдылық жасауда әрдайым алдыңғы қатардан табылатын мешіт ұжымы бүгін қаламыздағы мұқтаж бес отбасын көмірмен қамтамасыз етті. Әдеттегідей «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен өткен қайырлы істе әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасы игі бастаманың жылулығын сезінді.

Мешіт ұжымы үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсету дәстүрге айналды. Көмекке мұқтаж қала тұрғындарына қол ұшын беру мақсатында өткен қайырымды істің бұл басы емес. Бұған дейін де мешіт ұжымы «Сауап» белсенділер тобының мұрындық болуымен талай жанның алғысын алып келеді.

Көмек алған отбасылар қиын-қыстау кезеңде жандарынан табылып, қайырымдылық жасаған жомарт азаматтарға алғыс айтып, отбасыларына амандық тіледі.

010122 Qaiyrymdylyq 1

010122 Qaiyrymdylyq 2

010122 Qaiyrymdylyq 3

010122 Qaiyrymdylyq 4

010122 Qaiyrymdylyq 5

010122 Qaiyrymdylyq 6

010122 Qaiyrymdylyq 7

010122 Qaiyrymdylyq 8

010122 Qaiyrymdylyq 9

010122 Qaiyrymdylyq 10

010122 Qaiyrymdylyq 11

010122 Qaiyrymdylyq 12

ummet.kz

Бөлісу: