29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Ел үлесі – пәтерге» акциясымен бір жылда 193 баспана кілті табысталды

«Ел үлесі – пәтерге» акциясымен бір жылда 193 баспана кілті табысталды

Жаңалықтар
Жарнама

«Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2021 жылы баспанаға мұқтаж 193 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров мәлімдеді.

«2021 жылы «Қайырымдылық» бағыты бойынша 14 203 іс-шара ұйымдастырылды. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 66 дін қызметкеріне, 127 көпбалалы отбасыға, жалпы бір жылда 193 үйдің кілті берілді. Осыған дейін аталған жоба аясында 506 адам баспаналы болды. «Қайырымды жұма» акциясымен 29 180 отбасы көмек алды. Ал Құрбан айт мерекесінде «Раббың үшін құрбан шал» жобасы бойынша 63 171 отбасыға құрбандық еті таратылды» деді Талғат Сейіткәрімұлы.

Бөлісу: