24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Алматы: Имамдар қан тапсырды

Алматы: Имамдар қан тапсырды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен аудан имамдары мен дін қызметкерлері Алматы қалалық қан орталығында қан тапсырды.

Бас прокуратураның мәліметінше тәртіпсіздік кезінде 4353 адам жарақат алғанын ескерсек, ауруханаларда жарақат алған науқастарға қан қажеттілігі байқалады. Елдегі Төтенше жағдай режимі кезінде медициналық авиация Нұр-Сұлтаннан Алматыдағы қан орталығына 360 доза қан жеткізген. Бүгінде қалалық ауруханаларда емделуші науқастарға қан қажеттілігі туындауда. Осы орайда ұйымдастырылған шара барысында Алматы арнасына сұхбат берген Төлеби Оспан: «Қан тапсыру да қайырымдылық болып табылады. Мамандардың айтуынша, донор болудың адам ағзасына еш қаупі жоқ. Сол себепті әрдайым жақсылыққа жаршы болған алматылық мұсылман жамағатын қан тапсырып, науқастарға жәрдем беруге шақырамын», - деді бас имам.

дереккөз: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: