28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Әлемде тағы бір қауіпті бактерия пайда болды

Әлемде тағы бір қауіпті бактерия пайда болды

Жаңалықтар
Жарнама

Ғалымдардың айтуынша, бұл бактерия антибиотикке төзімді, сонысымен адамзатқа қауп төндіріп тұр.

Бұл жайында islam.kz порталы Sci News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрлі жоғарғы оқу орындарының ғалымдары Staphylococcus aureus бактериясының қалай пайда болғанын анықтап көрмек болған екен. Ол - метициллин антибиогына төзімділігі жоғары стафилококк штаммы. Белгілісі, ол осыдан шамамен 200 жыл бұрын пайда болған. Атап өтерлігі, аталмыш стафилококк іріңді қабыну (шіру) мен пневмония тудырады. Стафилококтың дәрі-дәрмекке бой бермей кетуінің бір себебі кірпі терісінде аман қалу үшін жүрген күрестен «шыңдалып» шығуында жатыр - кірпінің терісінде өзі табиғи антибиотик бөле алатын Trichophyton erinacei саңырауқұлақ инфекциясы да кездеседі. Ғалымдар бұған секвенирлеу технологиясын қолдану арқылы көз жеткізген екен. Аталмыш зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Иуен Харрисонның сөзіне қарағанда, Staphylococcus aureus бактериясының антибиотикке төзімділігі биологиялық жолмен табиғи түрде қалыптасқан, адамдардың антибиотикті шектен тыс пайдалануына байланысты жасанды жолмен емес.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: