29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Атырау: Мұқтаж отбасыға баспана берілді

Атырау: Мұқтаж отбасыға баспана берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Атырау облысының Жылыой ауданында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасыға баспана берілді.

Аталмыш жобасы аясында ел бойынша тапсырылып отырған 519-баспана кілтін Құлсары қаласының тұрғыны Айдана Жұмановаға облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы салтанатты жағдайда табыс етті.

«Қазақ – жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халық. Халқымыздың даналық, кемеңгерлік, адамгершілік сынды асыл қасиеттері елдегі бірлікті сақтап отырған. Жылыой аудандық орталық мешітінің бастамасымен, қарапайым азаматтарымыздың қолдауымен беріліп отырған бұл баспана қайырлы ұрпақ өсіп-өнетін құтты мекенге айналғай» деп батасын берді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау мешіттерінің үлесімен барлығы 39 баспана табыс етілді.

Бөлісу: