15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы емге жиналған қаражаттың сертификатын табыстады

Наурызбай қажы Тағанұлы емге жиналған қаражаттың сертификатын табыстады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапарында «Науан Хазірет» мешітінің ұйытқы болуымен науқастың еміне жиналған 20 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Бұл қаражат қазіргі таңда Түркияда емделіп жатқан Целиноград ауданына қарасты Софиевка ауылдық мешітінің ұстазы Надира Бекебаеваның отбасына берілді.

Жамағат мешіт ұстазының еміне қаражатты он екі күн ішінде жинап бергенін ерекше атай кеткен жөн. 

Бөлісу: