13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Нұр-Мүбарак университетінде жаңа екі мамандық ашылды

Нұр-Мүбарак университетінде жаңа екі мамандық ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Еліміздегі діни мамандар даярлайтын бірегей Нұр-Мүбарак университетінде жаңа гуманитарлық мамандықтар ашылды. Қасиетті Рамазанда жеткен жаңалық бойынша, енді «Аударма ісі» мен «Шетел филологиясы» мамандықтарына ниет еткен талапкерлердің Нұр-Мүбарак университетінде білім алуға мүмкіндігі бар.  

Лицензия Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 25 сәуірдегі №172 бұйрығы бойынша берілді. Университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев жаңа мамандықтар ашуға жан-жақты дайындықпен келгенін атап өтті. «Қазір бірнеше тіл білу – заман талабы. Ал біздің университеттің араб, ағылшын тілдерін терең оқытуға мүмкіндігі бар. Сондықтан осы жағын ескеріп, оқу орнымыз үшін де, қоғамымыз үшін де қажетті мамандықтар ашуға нақты қадам жасап келеміз» деді проректор.            

Нұр-Мүбарак университетінде Египет Араб Республикасының бірнеше озық университетінен таңдаулы тіл саласының ғалым-оқытушылары дәріс береді. Бұл әсіресе араб тілін меңгеруге ниеттенген талапкерлер үшін өз елімізде әлемдік озық тілдердің бірегейін жатық игеруге толық мүмкіндік. Жақында ғана елімізде өткен шетел тілдеріне қатысты бірнеше республикалық олимпиадада НМУ студенттерінің оза шабуы дәлел.

Атап айтқанда, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті онлайн форматта ұйымдастырған Республикалық пәндер олимпиадасында 3 студент, Нұр-Мүбарак университеті өткізген «Шетел тілін үздік білетін студент» атты республикалық дарынды жастар білім бәйгесінің араб және ағылшын тілдері бағыттарында жеңісті Нұр-Мүбарак университетінің студенттері еншілеген болатын. Сондықтан жаңадан ашылған мамандықтың болашақ иегерлері нағыз тіл майталмандары болатынына сенім мол. Ал берілген лицензия бойынша 12 тілге дейін оқытуға мүмкіндік бар.   

Бөлісу: