ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ЗК-169/1 және ЗК-169/5 тергеу изоляторларында жазасын өтеушілерге ауызашар пакеттері жеткізілді.
Тергеу изоляторларында азаматтармен тұрақты түрде кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген мешіт имамдары, мекемедегі ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, ауыз бекіткен 41 адамға екі рет ыстық тағам апарды.
Мешіт қызметкерлері аталмыш мекемелерде Рамазан айының ерекшеліктері мен ораза ұстау тәртібі жайында насихат жүргізді. Жалпы мекеменің тәрбие бөлімімен бірлесе отырып өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты – адасқан жандардың өз қателігін түсініп, дұрыс жолға түсуіне себепкер болу.

