25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Асылбек Орынбасаров Орталық Азияда алғаш болып ижаза алды (фото)

Асылбек Орынбасаров Орталық Азияда алғаш болып ижаза алды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) құрамындағы Ислам тарихы, өнер және мәдениет ғылыми-зерттеу орталығында (IRCICA) белгілі каллиграф Асылбек Орынбасаровқа ижаза (рұқсатнама, диплом) берілді.

Асылбек Орынбасаров Қазақстаннан шыққан алғашқы кәсіби каллиграф құжатын алды. Ол сондай-ақ Орталық Азия елдерінен (Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан) алғаш болып Ферхат Курлу, Мумтаз Дурду ұстаздардан ресми ижаза алды.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ұйымы – әлемдегі ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр.

Бөлісу: