29
Жұма,
Наурыз

һижри

Көшпелі насихат жұмысы уақыпқа арналды (фото)

Көшпелі насихат жұмысы уақыпқа арналды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы іс-сапармен Талдықорған өңіріне барып, уақып жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ардақ Нүсіпханұлы Талдықорған өңіріне қарасты, қала-аудан имамдарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбында сұхбат өткізді. Көшпелі насихат жұмысында имамдарға уақыптың негізгі мақсаттары кеңінен түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, Ардақ Нүсіпханұлы жамағатты жақсылық жасауға шақырып: «Жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік сөздерін жиі естиміз. Жақсылыққа бала жастан үйретеміз. Жасынан жамандық жасамауға, адамдарға көмектесуге, жақсылық жасауға, мейірімді болуға үйренген бала есейгенде де жамандыққа бармасы анық. Мұндай тәрбие ата-ананы баласы есейгенде ұялтпайды, қоғамдағы жақсы адамдардың санын арттырады» дей келе, Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтірді. Жиын соңында Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы Ардақ Нүсіпханұлына алғыс айтып, үлкендер ақ бата берді.

Сапар аясында басқарма басшысы жергілікті кәсіпкерлерменде кездесіп, насихат жұмысын жүргізді. Сарқылмайтын сауап жайында әңгіме өрбітіп, игі іске қостау болуға, қайырымдылық жасауға, ұлықтығы биік асыл дінімізге қамқор болуға шақырды.

Бөлісу: