20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти ардагер қызметкерлерге құрмет көрсетті (фото)

Бас мүфти ардагер қызметкерлерге құрмет көрсетті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада өткен кезекті аппарат жиналысында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы өз өтініштері негізінде жұмыстан босатылған Кадр бөлімінің қызметкері Байұзақ Бекмұратов пен заңгер Зейниш Мұхамеденқызына құрмет көрсетіп, ардагер қызметкерлерге қазақы салтпен иығына шапан, камзол жапты.

«Сіздер бірнеше жыл бойы діни салада тұрақты түрде қызмет еттіңіздер. Өздеріңізден кейінгі орта және жас буын өкілдеріне талмай еңбек етудің көркем өнегесін көрсеттіңіздер. Алла Тағала қаншама жыл істеген жұмыстарыңызға мол сауаптан жазып, күш-қуат нәсіп етсін» деп тілегін білдірді Бас мүфти.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Зейниш Мұхамеденқызына демеушілердің көмегімен үлкен қажылыққа жолдама берді.

Бөлісу: