24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Алматыда «Балдыгүл ана» қайырымдылық мекемесі ашылды (фото)

Алматыда «Балдыгүл ана» қайырымдылық мекемесі ашылды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Балдыгүл ана» қайырымдылық мекемесінің ашылуына қатысты.

Құраннан ижазасы бар білікті ұстаздар дәріс беретін оқу орталығының ашылуында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ұстаздар мен шәкірттерге сәттілік тілеп, батасын берді. Сондай-ақ қайырымдылық мекемесін салуға демеушілік жасаған жомарт жандарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, қыздарға арналған Құран Кәрімді оқып үйрену орталығы мегаполистің Наурызбай ауданында орналасқан. Бүгінде қайырымдылық мекемесі он шәкірт қабылдап, дәріс беруді бастады.

Бөлісу: