25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Ел үлесі – пәтерге»: Екі отбасыға баспана берілді

«Ел үлесі – пәтерге»: Екі отбасыға баспана берілді

Жаңалықтар
Жарнама

«Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 2 отбасыға пәтер кілті салтанатты түрде табысталды.

Алатау ауданы дін қызметкерлерінің тікелей атсалысуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 577, 578, Алматы қаласы бойынша 18, 19-баспана кілтін табыстау рәсіміне ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен шаһар бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты.

Бірі Алатау ауданы «Ер Жәнібек» мешіті жанынан мешіт имамына қызметтік баспана болса, екіншісі баспанаға мұқтаж Ернұр Оралханұлына Қарасай батыр ауданының Кемертоған ауылынан жеке үй тұрғызылып берілді.

Наиб мүфти үй иелеріне ақ тілектерін айтып, батасын берді. Баспаналы болған отбасылар қамқор жамағат пен демеушілерге алғыстарын жеткізді. 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: